Халықаралық кітап сыйлау күні – игі бастама
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай №35 ЖОББМ-де челлендж ұйымдастырылып, игі іс жүзеге асырылды. Аталған бастаманы мектеп директоры мен пән бірлестігі мұғалімдері қолдап, мектеп кітапханасына кітаптар сыйлады. Іс-шараның басты мақсаты – кітап оқуды насихаттау, оқушылардың рухани дамуына жағдай жасау және мектеп кітапхана қорын толықтыру. Сыйға тартылған көркем әдебиеттер мен танымдық кітаптар білім алушылардың ой-өрісін кеңейтіп, оқуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.