QURMET – бір-бірімізге құрмет көрсету
Біз бәріміз бір аулада, бір қалада, бір елде өмір сүреміз. Бірақ кейде ең қарапайым нәрсені ұмытып кетеміз – бір-бірімізге құрмет көрсету. QURMET – бұл: - сөзімен қорламау, - басқа пікірді тыңдай білу, - адамның таңдауын сыйлау, - бір-біріміздің қадір-қасиетімізді сақтау. Бұл ештеңе күрделі емес. Бұл – қарапайым адамгершілік. Мен сенемін: әрқайсысымыз өзінен бастап құрмет көрсетсе, қоғамымыз жылы әрі қауіпсіз болады. QURMET – өзіңнің қасыңдағы адамға құрмет көрсету. Қолдаңыздар – өздеріңіз үшін