Абай кітапханасы – рухани қазына » Средняя общеобразовательная школа № 35
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №35
ГУ"Отдел образования города Семей"
области Абай
Приемная :
+7(7222) 38-26-51
Бухгалтерия:
+7(7222) 38-26-52
Версия для
слабовидящих
10
сентябрь
2025

Абай кітапханасы – рухани қазына

2025 жылғы 10 қыркүйекте мектепте «Абай кітапханасы» салтанатты түрде ашылды. «Алматыкітап» баспасының қолдауымен жүзеге асқан бұл игі іс-шара «Кітап – елдің мәңгілік құндылығы» атты мерекелік бағдарлама аясында өтті.
Салтанатты жиынға қала басшылары, Абай облысы Білім басқармасының өкілдері, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Сонымен қатар, «Алматыкітап» баспасының директоры Гаухар Айтжанқызы арнайы келіп, іс-шараның маңыздылығын арттырды.
Кітапхана заманауи үлгідегі жиһаздармен толықтырылып, толық жөндеуден өтті. «Алматыкітап» баспасы бұл жобаға 6,5 миллион теңге көлемінде қаржы бөліп, жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға зор үлес қосты.
Жаңа «Абай кітапханасы» оқушылардың білімін тереңдетіп, оқу мәдениетін қалыптастыратын, рухани-мәдени дамуына ықпал ететін тағылымды орта болмақ.
Мектеп директоры: Махамбетова Гульнара Муратовна