Мектеп директоры «Алматы кітап» баспасына алғыс білдірді » Средняя общеобразовательная школа № 35
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №35
ГУ"Отдел образования города Семей"
области Абай
Приемная :
+7(7222) 38-26-51
Бухгалтерия:
+7(7222) 38-26-52
Версия для
слабовидящих
» » Мектеп директоры «Алматы кітап» баспасына алғыс білдірді
24
декабрь
2025

Мектеп директоры «Алматы кітап» баспасына алғыс білдірді

Семей қаласындағы «№35 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ директоры Алматыкітап баспасының демеушілігімен ашылған заманауи форматтағы Абай кітапханасы және «1000 Top IQ» мобильді станциясын мектепке сыйға бергені үшін шынайы алғысын білдірді.
Директор алғысын баспаның құрылтайшысы Эльенора Нығметқызына және президенті Гаухар Айтжанқызына арнап айтты. Осы бастама аясында оқушылар мен ұстаздарға екі тілде көркем әдебиеттер, цифрлық кітаптар, интерактивті тапсырмалар және білім алуға арналған түрлі ресурстар қолжетімді болды.
Директор бұл жобаның оқушылардың білімін тереңдетуге, оқу мәдениетін дамытуға және заманауи технологияларды қолдана отырып оқытуды жеңілдетуге зор үлес қосатынын атап өтті. Сонымен қатар, мектеп ұжымы баспаның қолдауына ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да білім саласында жемісті серіктестік орнайтынына сенім білдірді.
_____
Директор школы выразил благодарность издательству «Алматы кітап»
Директор КГУ «Средняя общеобразовательная школа №35» города Семей выразил искреннюю благодарность издательству «Алматы кітап» за открытие библиотеки имени Абая в современном формате и передачу школе мобильной станции «1000 Top IQ».
Директор адресовал благодарность основателю издательства Эленоре Ныгметкызы и президенту Гаухар Айтжанкызы. В рамках проекта учащимся и педагогам стали доступны художественные произведения на двух языках, цифровые книги, интерактивные задания и образовательные ресурсы.
Директор отметил, что этот проект значительно способствует углублению знаний школьников, развитию читательской культуры и облегчает процесс обучения с использованием современных технологий. Школьный коллектив выразил признательность за поддержку и выразил уверенность в продолжении плодотворного сотрудничества в сфере образования.