«Заң және Тәртіп — қауіпсіз балалық шақ кепілі» форумында мектебіміздің озат тәжірибесі облыс көлемінде таратылды
Абай облысы әкімінің орынбасары М. Рахановтың және Абай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Е.М. Базаровтың төрағалығымен «Заң және Тәртіп — қауіпсіз балалық шақ кепілі» тақырыбында облыстық форум өтті.
Аталған маңызды жиында мектебіміздің директоры Махамбетова Гульнара Муратовна құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар мен озат тәжірибені облыс көлемінде таныстырды. Өз сөзінде мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы «үштік одақтың» маңызын ерекше атап өтіп, бірлескен жұмыстың нәтижелі үлгілерін ұсынды.
Форум аясында қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық шараларды күшейту мәселелері кеңінен талқыланды. Мектебіміздің тәжірибесінің облыс деңгейінде таратылуы – ұжым еңбегінің жоғары бағалануының айқын көрінісі.
_____
Под председательством заместителя акима Абай облысы М. Раханова и заместителя начальника Департамент полиции Абайской области, полковника полиции Е.М. Базарова, состоялся областной форум на тему «Закон и порядок — гарантия безопасного детства».
В ходе мероприятия директор нашей школы Махамбетова Гульнара Муратовна представила передовой опыт работы по профилактике правонарушений среди несовершеннолетних. В своём выступлении она подчеркнула особую значимость единства «школа – родитель – ученик» как эффективной модели взаимодействия в обеспечении безопасности детей.
В рамках форума были обсуждены вопросы формирования безопасной образовательной среды и усиления профилактической работы среди подростков. Распространение опыта нашей школы на областном уровне свидетельствует о высокой оценке деятельности педагогического коллектива.![]()