Материалы за Декабрь 2025 года » Страница 3 » Средняя общеобразовательная школа № 35
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №35
ГУ"Отдел образования города Семей"
области Абай
Приемная :
+7(7222) 38-26-51
Бухгалтерия:
+7(7222) 38-26-52
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Декабрь 2025 года » Страница 3
Мектебімізде білім беру үдерісіне жасанды интеллектті енгізу тақырыбына арналған семинар өтті.
17
декабрь
2025
Мектебімізде білім беру үдерісіне жасанды интеллектті енгізу
Семинарға 12 педагог қатысты. Іс-шара барысында мектеп мұғалімдері жасанды интеллектті оқытуда қолдану бойынша практикалық тәжірибелерімен және идеяларымен бөлісті, сондай-ақ ЖИ-ді әртүрлі пән сабақтарында қолдану мүмкіндіктерін талқылады. Семинар педагогтердің кәсіби диалог алаңына айналып, цифрлық құзыреттіліктерін арттыруға және білім сапасын жақсартудың жаңа тәсілдерін іздеуге ықпал етті. Барлық қатысушыларға белсенді жұмыстары және заманауи білім беру технологияларына қызығушылық
«Тәуелсіз ел – Қазақстан» мәнерлеп оқу челленджі
16
декабрь
2025
«Тәуелсіз ел – Қазақстан» мәнерлеп оқу челленджі
3–4 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіз ел – Қазақстан» тақырыбында мәнерлеп оқу челленджі өткізілді. Челлендждің мақсаты – оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, Тәуелсіз Қазақстанның тарихын, ұлттық құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ балалардың көркем сөз оқу мәдениетін дамыту. Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың бойында елжандылықты қалыптастыруға үлкен үлес қосады.
Тәуелсіздік күніне орай өткен «Тәуелсіз ел – Қазақстан» Quiz сайысы
15
декабрь
2025
Тәуелсіздік күніне орай өткен «Тәуелсіз ел – Қазақстан» Quiz сайысы
Тәуелсіздік күніне орай 2025 жылғы 15 желтоқсанда 4-сынып оқушылары арасында «Тәуелсіз ел – Қазақстан» атты интеллектуалды Quiz сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты – оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, Тәуелсіз Қазақстанның тарихы мен мемлекеттік рәміздері, сондай-ақ ұлттық құндылықтар туралы білімдерін тереңдету. Сайыс барысында оқушылар жоғары белсенділік танытып, түрлі қызықты сұрақтарға жауап беріп, өздерінің білімділігі мен тапқырлығын көрсете білді. Сайыс қорытындысы бойынша:
Тәуелсіздік күніне арналған «Екі жұлдыз» патриоттық ән байқауы өтті.
15
декабрь
2025
Тәуелсіздік күніне арналған «Екі жұлдыз» патриоттық ән байқауы өтті.
2025 жылғы 15 желтоқсанда «№35 ЖОББМ» КММ-де 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Екі жұлдыз» патриоттық ән байқауы өтті. Сахнада әсем әндер шырқалып, еліміздің рухы, ерлігі мен бірлігі асқақтай түсті. Көрермендер мазмұны терең, әсері мол тамаша өнер кешінің куәсі болды. Әрбір дуэт өз жүрегіндегі Отанға деген сүйіспеншілігін ән арқылы жеткізіп, көрерменге ерекше әсер сыйлады. Барша қатысушыларға көрсеткен жоғары шеберліктері мен патриоттық рухы үшін зор алғыс
Тәрбие ісі  жөнінен орынбасары Баймоллаева Үміт Саркытбековна
15
декабрь
2025
Тәрбие ісі жөнінен орынбасары Баймоллаева Үміт Саркытбековна
Директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары Баймоллаева Үміт Саркытбековна: Лауазымдық міндеттері:  Оқушылардың спорт секциялары мен үйірме жұмыстарын бақылауды іске асырады; Мектептің рейтингін  құрады; Үзіліс кестесін құрады; Сенбілік аула тазалығын ұйымдастырады; тәрбиеленушілер, білім алушылар, педагогтар және білім беру ұйымдарының персоналы арасында COVID-19 ауруы жағдайлары және байланыста болғандар туралы ақпарат алмасады; Жалпы оқуға мектептің мөлтек ауданындағы балаларды тіркеу жұмысын,
Оқу-тәрбие ісі жөнінен орынбасары Гульжанат Сейпиловна Мухаметханова
15
декабрь
2025
Оқу-тәрбие ісі жөнінен орынбасары Гульжанат Сейпиловна Мухаметханова
Директордың оқу-тәрбие ісі жөнінен орынбасары    Гульжанат Сейпиловна Мухаметханова : Лауазымдық міндеттері:  Мектептің статистикалық есебі; /титул,ОШ-1, ОСОКО,АПМКО,НОБД , «Күнделік К Z » / , СТЕМ, ІТ кабинетінің жұмысын ұйымдастырады; Сыныптарды толықтыру, жылдық және тоқсандық оқушылар қозғалыс есебі н жүргізеді ; Алфавиттік кітаптың дұрыс жүргізілуін бақыла йды ; Жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша  бағдарламалық материалдардың өтілуі н қадағалайды ; І ауысымның сабақ кестесі және
Тәуелсіздік күніне арналған кітап көрмесі
15
декабрь
2025
Тәуелсіздік күніне арналған кітап көрмесі
Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің тақырыбы – «Тәуелсіздік – ең қымбат құндылығымыз». Көрмеде Қазақстан Республикасының тәуелсіздік тарихын, елдің қалыптасуы мен дамуын, ұлттық құндылықтар мен отансүйгіштік рухты насихаттайтын әдебиеттер қойылды. Іс-шара оқушылардың ел тарихына деген қызығушылығын арттырып, патриоттық тәрбие беруге бағытталды.
Мектеп өмірін қызықты ететін «Қызықты үзіліс»
13
декабрь
2025
Мектеп өмірін қызықты ететін «Қызықты үзіліс»
«№35 ЖОББМ» КММ-де үзілістер кезінде бастауыш сынып мұғалімдері оқушылармен «Қызықты үзіліс» атты дамытушы ойындар ұйымдастырды. Бұл – жай ғана демалыс емес, оқушылар үшін қызықты әрі пайдалы уақыт өткізу мүмкіндігі. Ойын барысында балалардың логикалық ойлауы мен зейіні дамып, топпен жұмыс істеуге үйренеді, тапқырлық, бастамашылдық және шығармашылық қабілеттерін көрсетеді, бос уақыттарын тиімді пайдаланады. «Қызықты үзіліс» мектеп өмірін жарқын, қызықты әрі белсенді етіп, мектепте жағымды