«Ардақтайық ананы» атты мерекелік іс-шара өтті
Мектебімізде 4 «А», «Ә», «В» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Ардақтайық ананы» атты мерекелік іс-шара өтті. Мереке барысында оқушылар аяулы аналарымызға арнап жүрекжарды өлеңдерін оқып, «Ана» туралы әндерін орындады. Мың бұралған қыздарымыздың «Гүлдер» биі мерекенің сәнін келтірсе, аналармен бірге ойналған қызықты ойындар қатысушыларға ерекше көңіл күй сыйлады.
Балалардың анаға деген шексіз махаббаты мен құрметі сезілген бұл мереке әсерлі сәттерге толы болды. Барша аналарымызды мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
_____
Праздничное мероприятие «Ардақтайық ананы»
В нашей школе ученики 4 «А», «Ә», «В» классов организовали праздничное мероприятие «Ардақтайық ананы». В ходе праздника учащиеся прочитали трогательные стихотворения, посвящённые дорогим мамам, и исполнили песни об «Ана». Украшением праздника стал танец «Гүлдер» в исполнении наших талантливых девочек, а интересные игры, проведённые вместе с мамами, подарили всем участникам хорошее настроение.
Этот праздник, наполненный искренней любовью и уважением детей к своим мамам, оставил много тёплых и приятных впечатлений. Поздравляем всех мам с праздником! 