Жасанды интеллект – мұғалімнің сенімді көмекшісі
«№35 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ мұғалімдері сабақ барысында жасанды интеллектіні белсенді түрде қолдануда. Сәуір айында мектепте «Жасанды интеллект — мұғалімнің көмекшісі» атты сабақтар шеруі өткізілуде. Аталған іс-шара аясында педагогтер заманауи технологияларды тиімді пайдалану арқылы оқу үдерісін жетілдіру жолдарын көрсетуде. Бастауыш сынып мұғалімі Г.А. Искакованың пікірінше, жасанды интеллект білім беру процесін әр оқушының жеке қажеттілігіне қарай бейімдеуге мүмкіндік береді.