«Бастауыш мектепте есеп шығару тәсілдері» тақырыбында шеберлік сабағы
Бастауыш сынып мұғалімі Асыкпаева Кульзира Мырзахановна «Бастауыш мектепте есеп шығару тәсілдері» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Іс-шараның мақсаты – педагогтерді оқушыларға есептің шартын дұрыс түсінуге, оны талдауға және әртүрлі тәсілдермен шешу жолдарын табуға көмектесетін тиімді стратегиялармен таныстыру болды. Жұмыс «миға шабуыл» әдісімен басталды. Қатысушылар бастауыш сынып оқушылары мәтінді есептерді шығару барысында кездесетін қиындықтарды талқылап, өз тәжірибелерімен бөлісті.