Материалы за 14.04.2026 » Средняя общеобразовательная школа № 35
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №35
ГУ"Отдел образования города Семей"
области Абай
Приемная :
+7(7222) 38-26-51
Бухгалтерия:
+7(7222) 38-26-52
Версия для
слабовидящих
Тыныс алу үдерісі тақырыбында ашық сабақ
14
апрель
2026
Тыныс алу үдерісі тақырыбында ашық сабақ
2026 жылдың 14 сәуір күні 7 «Ә» сыныбында химия пәнінен ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақтың тақырыбы: «Тыныс алу үдерісі». Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тыныс алу үдерісінің мәнін түсіндіру, оның тірі ағзалар үшін маңызын ашу және тыныс алу кезінде жүретін химиялық реакциялар туралы білім қалыптастыру. Сабақ барысында оқушылар тыныс алу үдерісінің маңызын түсініп, оның тірі ағзалардағы рөлін меңгерді. Әртүрлі жұмыс түрлері (жеке, жұптық, топтық) арқылы оқушылардың белсенділігі артып, өз ойларын
Оқушылар арасында білім беру жүйесіне қатысты дебат ұйымдастырылды
14
апрель
2026
Оқушылар арасында білім беру жүйесіне қатысты дебат ұйымдастырылды
Тақырыбы: «Мектептерді мемлекеттік басқару: сапа кепілі ме әлде дамуға тұсау ма?» Мектебімізде 11 «А» сынып оқушыларының қатысуымен аталған тақырыпта дебат ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, өз көзқарасын дәлелді түрде жеткізе білуге үйрету, сондай-ақ білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерге талдау жасау болды. Дебат барысында қатысушылар екі топқа бөлініп, мектептердегі мемлекеттік басқарудың артықшылықтары мен кемшіліктерін жан-жақты талқылады.
«№35 ЖОББМ» КММ оқушылары республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде топ жарды
14
апрель
2026
«№35 ЖОББМ» КММ оқушылары республикалық олимпиаданың қалалық
2026 жылғы 8–9 сәуір күндері «№23 ЖОББМ» КММ-де 3–4 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтті. Республикалық олимпиадада «№35 ЖОББМ» КММ оқушылары белсенді қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті. 14 қатысушының 11-і жүлделі орындарға ие болды. Мұғалімдерге — сапалы дайындықтары үшін, ата-аналарға — қолдаулары үшін, оқушыларға — еңбектері мен талпыныстары үшін алғысымызды білдіреміз! Сіздерді мақтан тұтамыз және жаңа жеңістер тілейміз!
Химия пәнінен ашық сабақ өтті
14
апрель
2026
Химия пәнінен ашық сабақ өтті
2026 жылдың 14 сәуір күні “№35 ЖОББМ” КММ-де 11 «А» сыныбымен химия пәнінен ашық сабақ өткізілді. Тақырыбы: Ауыспалы металдардың жалпы сипаттамасы. Мақсаты: d-блок элементтерінің орналасуын, электрондық конфигурациясын және айнымалы тотығу дәрежесін түсіндіру. Сабақ барысында жағымды атмосфера қалыптастырылып, оқушылар топтарға бөлінді. Негізгі бөлімде жаңа тақырып жан-жақты талданып, ауыспалы металдардың қасиеттері қарастырылды. Әртүрлі тапсырмалар арқылы білімдері бекітіліп, жеке және топтық