«Бірлік пен татулық» тақырыбында эссе байқауы өтті
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 9-сыныптар арасында «Бірлік пен татулық» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты – оқушыларды достыққа, татулыққа, өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Сонымен қатар ел ішіндегі бірлік пен ынтымақтың маңызын түсіндіру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру және бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру. Оқушылар өз шығармаларында бірлік пен келісімнің қоғамдағы рөлі туралы ойларын әсерлі жеткізіп, патриоттық сезімдерін көрсете