Жаңалықтар » Страница 20 » Средняя общеобразовательная школа № 35
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №35
ГУ"Отдел образования города Семей"
области Абай
Приемная :
+7(7222) 38-26-51
Бухгалтерия:
+7(7222) 38-26-52
Версия для
слабовидящих
Қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері
30
декабрь
2025
Қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері Құрметті оқушылар мен ата-аналар! Қысқы демалыста өздеріңізді және балаларды қорғау үшін сақ болыңыздар: Оқушыларға: * Мұзда және қарда абай болыңыз, сырғанамаңыз. * ⁠Қақпақ, қолғап, жылы киім киіңіз. * ⁠Бейтаныс адамдармен сөйлеспеңіз, белгісіз жерге бармаңыз. * ⁠Үйде қауіпсіздік техникасын сақтаңыз. * ⁠Далада ойнағанда ересектердің бақылауында болыңыз. Ата-аналарға: * Балаларды далаға шығарғанда ауа райын бағалаңыз. * ⁠Жол қозғалысы ережелерін
Қысқы демалысты кітаппен өткіз!
30
декабрь
2025
Қысқы демалысты кітаппен өткіз!
Балалардың бос уақытын тиімді және мазмұнды ұйымдастыру мақсатында Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана «Кітап оқы, ойлан, арманда» атты қысқы демалысқа арналған гайдбук ұсынады. Гайдбукке жас ерекшеліктеріне сай іріктелген көркем әдебиеттер енгізілген. Ол оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға, қиялын ұштауға және оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Қысқы демалысты тек демалу емес, рухани даму мен пайдалы әдеттерді қалыптастыруға арналған тиімді құрал. Қысқы демалысты кітаппен
Жаңа жыл қарсаңында мұғалімдерге арналған Teambuilding!
29
декабрь
2025
Жаңа жыл қарсаңында мұғалімдерге арналған Teambuilding!
Жаңа жылға орай мектепте мұғалімдерге арналған Teambuilding іс-шарасы өтті. Іс-шара барысында жаңа жылдық нақышта ең әдемі сәнделген кабинет анықталып, мектеп директоры тарапынан марапатталды. Командалық ойындар мен қызықты тапсырмалар мерекелік көңіл-күй сыйлап, ұжымның бірлігін арттырды. Бұл күн ұстаздар үшін ерекше әсерлі сәттерге толы болды.
Ата-аналарға арналған онлайн қауіпсіздік жиналыстары өтті.
26
декабрь
2025
Ата-аналарға арналған онлайн қауіпсіздік жиналыстары өтті.
Сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен ата-аналарға арналған қауіпсіздік тақырыбындағы жиналыстар Zoom платформасы арқылы өтті. Жиналыс барысында оқушылардың қауіпсіздігі, қысқы демалыс кезіндегі сақтық шаралары және ата-аналардың жауапкершілігі туралы маңызды ақпараттар берілді. Онлайн форматта өткен кездесулер ата-аналарға өз сұрақтарын қойып, пікір алмасуға мүмкіндік берді.
10-11 сыныптардың Жаңа жылдық бал кеші!
26
декабрь
2025
10-11 сыныптардың Жаңа жылдық бал кеші!
Біздің мектепте 10-11 сынып оқушылары үшін Жаңа жылдық бал өтті. Әр сынып өз өнерлерін көрсетіп, шығармашылықтарымен қуантты. Кеш барысында ең әдемі жұп сайысы да ұйымдастырылып, оқушылардың керемет сәттері барлығының көңілін көтерді. Әсем безендірілген зал, музыка және жарқыраған шамдар мерекелік атмосфераны толықтырды. Барлығы жаңа жылға ерекше көңіл-күймен енді!
Қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері
25
декабрь
2025
Қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері
Құрметті ата-аналар мен оқушылар! Қысқы демалыс кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында отшашулар мен түрлі қауіпті ойын құралдарын қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз. Ересектердің бақылауынсыз мұндай заттарды қолдануға жол берілмейді. Балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз. Демалыс уақытын қауіпсіз әрі мазмұнды өткізуге шақырамыз. _____ Предупреждение о соблюдении правил безопасности в период зимних каникул Уважаемые родители и
Жаңа жыл қарсаңында оқушыларға демеушілерден тамаша сыйлықтар табысталды.
24
декабрь
2025
Жаңа жыл қарсаңында оқушыларға демеушілерден тамаша сыйлықтар
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында мектебіміздің оқушыларына демеушілер тарапынан тамаша сыйлықтар табысталды. Бұл игі істің жүзеге асуына қолдау көрсеткен Абай облысы мәслихатының депутаты Байбеков Ш.З. және белсенді ата-ана, демеуші Мұқанова Динара Талғатқызына шынайы алғысымызды білдіреміз. Осындай ізгі ниет пен жанашырлық балаларға қуаныш сыйлап қана қоймай, олардың жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуына себеп болды. Қайырымдылық пен мейірімділікті ту еткен демеушілерімізге зор денсаулық,
Мектеп директоры «Алматы кітап» баспасына алғыс білдірді
24
декабрь
2025
Мектеп директоры «Алматы кітап» баспасына алғыс білдірді
Семей қаласындағы «№35 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ директоры Алматыкітап баспасының демеушілігімен ашылған заманауи форматтағы Абай кітапханасы және «1000 Top IQ» мобильді станциясын мектепке сыйға бергені үшін шынайы алғысын білдірді. Директор алғысын баспаның құрылтайшысы Эльенора Нығметқызына және президенті Гаухар Айтжанқызына арнап айтты. Осы бастама аясында оқушылар мен ұстаздарға екі тілде көркем әдебиеттер, цифрлық кітаптар, интерактивті тапсырмалар және білім алуға арналған
Болашаққа бағытталған сый: мектебімізге TopIQ-MobilBox тарту етілді.
24
декабрь
2025
Болашаққа бағытталған сый: мектебімізге TopIQ-MobilBox тарту етілді.
Жаңа жыл қарсаңында «Алматыкітап баспасы» шалғай өңірлердегі білім беру ұйымдарын қолдауға бағытталған қайырымдылық бастамасын жалғастырып, Абай облысына 40 TopIQ-MobilBox білім беру станциясын тарту етті. 🔸TopIQ-MobilBox – интернетке қосылмай-ақ жұмыс істей алатын автономды білім беру кешені. Кешен құрамында 400-ге жуық оқулық пен кітап, бейне және аудио материалдар, интерактивті тапсырмалар, сондай-ақ Qamqor AI зияткерлік көмекшісі бар. Жоба шағын жинақты ауыл мектептерінің кітапхана жұмысын
9-сыныпта қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған бейнесабақтар өтті.
24
декабрь
2025
9-сыныпта қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған бейнесабақтар
9 сынып оқушылары қаржылық сауаттылық тақырыбында бейне сабақтармен танысты. Қаржылық сауаттылық туралы видеосабақ өткізудің мақсаты: мектеп оқушыларына қаржылық сауаттылықтың негізгі ұғымдарын түсіндіру, ақшаны дұрыс басқару дағдыларын қалыптастыру және саналы қаржылық шешім қабылдауға үйрету. Оқушыларды табыс пен шығысты жоспарлауға, жинақтың маңызын түсінуге, қаржылық жауапкершілікке және болашаққа сенімді көзқарас қалыптастыруға бағыттау.