Материалы за Апрель 2026 года » Страница 2 » Средняя общеобразовательная школа № 35
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №35
ГУ"Отдел образования города Семей"
области Абай
Приемная :
+7(7222) 38-26-51
Бухгалтерия:
+7(7222) 38-26-52
Версия для
слабовидящих
» Материалы за Апрель 2026 года » Страница 2
«Бастауыш мектепте есеп шығару тәсілдері» тақырыбында шеберлік сабағы өтті
22
апрель
2026
«Бастауыш мектепте есеп шығару тәсілдері» тақырыбында шеберлік сабағы
Бастауыш сынып мұғалімі Асыкпаева Кульзира Мырзахановна «Бастауыш мектепте есеп шығару тәсілдері» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Іс-шараның мақсаты – педагогтерді оқушыларға есептің шартын дұрыс түсінуге, оны талдауға және әртүрлі тәсілдермен шешу жолдарын табуға көмектесетін тиімді стратегиялармен таныстыру болды. Жұмыс «миға шабуыл» әдісімен басталды. Қатысушылар бастауыш сынып оқушылары мәтінді есептерді шығару барысында кездесетін қиындықтарды талқылап, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Мәзір/ Меню
22
апрель
2026
Мәзір/ Меню
Сарсенбі / Среда 2 - апта/ 2 - неделя 1 - ауысым/ 1 - смена Сарсенбі / Среда 2 - апта/ 2 - неделя 2 - ауысым/ 2 - смена
Мәзір/ Меню
21
апрель
2026
Мәзір/ Меню
Сейсенбі / Вторник  2 - апта/ 2 - неделя 1 -ауысым/ 1 - смена Сейсенбі / Вторник  2 - апта/ 2 - неделя 2 - ауысым/ 2 - смена
Шебер-сабақ өтті
21
апрель
2026
Шебер-сабақ өтті
“№35 ЖОББМ” КММ-де 17 сәуір күні көркем еңбек мұғалімдері Биболова Б.М., Скакова Ж.Б. мектеп мұғалімдеріне арналған шебер-сабақ өткізді. Тақырыбы: “Кенеп мата мен жіптен жасалған салфеткалар”. Шебер-сабақ барысында ұстаздар шығармашылық жұмыстардың орындалу тәсілдерімен танысып, өз тәжірибелерін жетілдірді. Қатысушылар жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеріп, қолөнер бұйымдарын жасаудың қыр-сырын үйренді. _____ Проведен мастер-класс 17 апреля в КГУ «СОШ №35» учителя художественного труда Биболова Б.М. и
Волейбол жарысы өтті
21
апрель
2026
Волейбол жарысы өтті
“№35 ЖОББМ” КММ-де волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа үш команда қатысты: ата-аналар, оқушылар және мұғалімдер. Іс-шара достық, өзара құрмет және командалық рух атмосферасында өтті. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдықты және ортақ мақсатқа ұмтылысты көрсетті. Осындай іс-шаралар мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы байланысты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді. _____ В КГУ “СОШ №35” состоялись соревнования по волейболу В турнире приняли участие три
Зияткерлік сайыста бас жүлде
20
апрель
2026
Зияткерлік сайыста бас жүлде
Астана қаласында 19 сәуірде «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі оқушылары арасында дарынды балаларды қолдау мақсатында дәстүрлі «Олимпиадалық академия» зияткерлік сайысы өтті. Осы командалық сайысқа «№35 ЖОББМ» КММ-нің екі оқушысы қатысты: Жұмабай Әлинұр, 4 «А» сыныбы (жетекшісі: Дүйсенбаева А.Т.) Нұрқанатұлы Қалқаман, 4 «Ә» сыныбы (жетекшісі: Күнслямова М.М.) Сайыста Абай облысының намысын қорғаған Семей командасы бас жүлдені иеленді. Құттықтаймыз! _____ Гран-при в интеллектуальном конкурсе 19
Мәзір/ Меню
20
апрель
2026
Мәзір/ Меню
Дүйсенбі/ Понедельник  2 - апта/ 2 - неделя 1 - ауысым/ 1-смена Дүйсенбі/ Понедельник  2 - апта/ 2 - неделя 2 - ауысым/ 2 - смена
Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция нәтижелері
17
апрель
2026
Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция нәтижелері
2026 жылғы 15 сәуірде Әлкейхан Бөкейхан университетінде облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға біздің мектеп оқушылары белсенді қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Мелентьева Маргарита (8 «В» сынып) – 3 орын иегері атанды. Баяндин Жан, Саматов Ренат, Байц Ярослав, Берікканова Анара және Аманжол Ақжан сертификаттармен марапатталды. Жас зерттеушілердің жетекшілері: Исмаилова Инабат Қайратқызы, Мухаметханова Гүлжанат Сейпілқызы, Ахметова Лаура Асылбекқызы. _____ Итоги областной
Біз орманды қорғаймыз!
17
апрель
2026
Біз орманды қорғаймыз!
16 сәуір күні мектебімізде «Жасыл мектеп» бағыты аясында «Біз орманды қорғаймыз!» атты жалпы бірыңғай экологиялық флешмоб өткізілді. Флешмобқа мектеп оқушылары белсене қатысты. Флешмобтың басты мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру және қоғамды тазалыққа шақыру. Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз! _____ Мы защищаем лес! 16 апреля в нашей школе в рамках направления «Зелёная школа» был проведён единый экологический
Заманауи технологиялармен информатика сабағы
17
апрель
2026
Заманауи технологиялармен информатика сабағы
09.04.2026 күні информатика пәнінің мұғалімі Әділғажыева К.Ж. 9-сынып оқушыларымен «PyGame кітапханасы» тақырыбында заманауи форматта сабақ өткізді. Сабақ барысында жасанды интеллект мүмкіндіктері қолданылып, түрлі цифрлық платформалар арқылы оқушылардың қызығушылығы арттырылды. Сонымен қатар, оқушылар компьютермен тәжірибелік жұмыс жасап, PyGame көмегімен ойын құрастырудың алғашқы қадамдарын орындады. Осындай сабақтар оқушылардың логикалық ойлауын, шығармашылық қабілетін дамытып, пәнге деген