«Ұлттар достығы – бейбіт өмір негізі»
Мектебімізде 5–11 сынып оқушылары арасында «Ұлттар достығы – бейбіт өмір негізі» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға ұлттар арасындағы татулық, сыйластық пен бірліктің маңызын түсіндіру, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру. Тәрбие сағаттары барысында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрлері туралы мәліметтер алды. Бірлік пен достықтың құндылығы дәріптеліп, өзара құрметке негізделген орта қалыптастыруға бағытталған